Елімізде балаларға арналған «Әлеуметтік патронат» жобасы іске қосылмақ

Qaz365.kz редакциясы

Тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды қолдауға арналған

Ашық дереккөздерден

Тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды қолдау жобасы іске қосылады. Бұл жайында «Ашық» НҚА порталында жарияланған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Әлеуметтік патронат» жобасы тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтермен жан-жақты сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет өмірлік қиын жағдайға немесе әлеуметтік проблемаларға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге және оларға жәрдемдесуге бағытталған бастама», - делінген құжатта.

Негізгі мақсат - олардың өмірінің әртүрлі аспектілеріне қолдау көрсету және көмектесу арқылы аз қамтылған отбасылардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Әлеуметтік патронат отбасылық қатынастардың бұзылуы, ата-ана тәрбиесі мәселелері, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе басқа да қиындықтар бойынша түрлі жағдайға тап болған отбасыларға бағытталған жоба.

Бұл жобада аясында әлеуметтік қызмет саласындағы тәжірибелі мамандар қамтылады. Олар жеке қолдау, кеңес беру, жанжалдарды шешуге көмектесу сияқты жұмыстарға тартылып, әлеуметтік қызметтер мен ресурстарды алуға қолдау жасайды.

Сонымен қатар, әр мектепте баланың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік педагогтың міндетті лауазымын енгізу ұсынылып отыр.