Астанада "Өзіңді тап - өзегіңе орал" форумы өтеді

Qaz365.kz редакциясы

"Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен

Астанада "Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент мұражайында "Өзіңді тап - өзегіңе орал" форумы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

"Сенімен Болашақ" III жалпыұлттық ата-аналар форумының қатысушылары 2023 жылдың 11 тамыз күні Астана қаласында қазақстандық балалардың бақыты мен амандығы үшін саналы ата-ана мәдениетін қалыптастырудың міндеттері мен тәсілдерін талқылау мақсатында жиналады.

"Ата-анасының өз баласын жеке тұлға ретінде қалыптастыруда зор жауапкершілікті теңдей көтеруі тиіс екендігі жөнінде дәріптейміз. Жеке тұлғаны дамытуға кедергі болар деструктивті факторларға қарсы тұру үшін Қазақстанда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру қажеттілігін мойындаймыз. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен құндылықтарын жаһандық өркениет үрдісімен ұштастыра отырып, балаларымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін мақсатқа адал екенімізді жария етеміз", - дейді форум ұйымдастырушылары.