Тоқаев Ақкенттегі өрт кезіндегі ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Qaz365.kz редакциясы

«Ерлігі үшін» медалімен

Коллаж: Qaz365.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ерлігі үшін» медалімен:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;

2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;

3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;

5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Еске сала кетейік, “Ақкент” шағынауданындағы 16 қабатты үйде өрт тұтанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.

Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Қала әкімі Ерболат Досаев өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков министрлікке хат жолдап, Шюкрю Гюнайды марапатқа ұсынатынын айтты. Ал Гюнай “Мен басқалар мақтасын деп жасамадым” деп өзін марапатқа ұсынуы жайында айтқан болатын.