Үш жастағы апалы-сіңлілердің зорлануы: Полиция отбасының өгей әкесі мен әжесін тұтқындады

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу жүргізіліп жатыр

Qaz365.kz коллажы

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысында зорланған үш жасар апалы-сіңлілі қыз балалардың ісі жөнінде тың ақпаратты айтты. Ол іс бойынша екі адам – отбасының өгей әкесі мен балалардың әжесі қамауға алынғанын атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тергеу жүргізіліп жатыр. Айыпталған екі адам қамауға алынды. Қазір ол жайлы толық ақпаратты айтуға қақым бар ма, жоқ па,  білмеймін. Қыздар ауруханаға жатқызылды. Менің білуімше, олардың жағдайы нашар, - деді Лепеха Үкіметтің баспасөз орталығында.


Қорқынышты жайт жайлы әуелі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтқан еді. Ол Алматы облысында зорлыққа ұшыраған 3 жастағы балаға барып қайтқанын мәлімдеген.