Қанға бөккен киік: Карикатурист теңгенің жаңа нұсқасын сынады

Qaz365.kz редакциясы

Карикатурада қанға бөккен ақбөкендер, оларға кезелген мылтық бейнеленген

Facebook / Ғалым Смағұлұлы

Карикатурист Ғалым Смағұлұлы номиналы 2 мың теңгелік, киік бейнеленген теңгені карикатурамен сынады. Ол киіктерді атуға берілген рұқсатқа наразылығын суретімен көрсеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, Ұлттық банк жақында теңгенің жаңа нұсқасын жариялаған еді. Ұлттық валютаның бұл жолғы үлгісінде Қазақстанда мекен ететін жан-жануарлар бейнеленген. Көпшіліктің назарын 2 мың теңгелік номиналдағы киік бейнесі өзіне аударды. Биыл билік киікті атуға ресми түрде рұқсат бергеннен кейін батыс өңірден киіктердің атылған бейнелері әлеуметтік желіде көп тарап кетті.

Карикатурада қанға бөккен ақбөкендер, оларға кезелген мылтық бейнеленген.

Ғалым Смағұлұлы – карикатурист. Әлеуметтік, саяси тақырыптарда салған карикатуралары БАҚ-та жарияланып тұрады. Карикатуристер арасында бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы.