«WhatsApp ашылмай қалған»: Журналист Асхат Ниязов пен жақындарына кибершабуыл жүріп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Онымен қоса Youtube парақшасында мыңдаған сын-пікір мен балағат сөздер жазылған

Фото: әлеуметтік желіден

Журналист Асхат Ниязов өзі жақындарына әлеуметтік желілеріне кибершабуыл жасалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар, менің WhatsApp қосымшам бұғатталды. Түнде әйелімнің, ата-анам мен әріптесім Назымгүлдің желідегі қосымшасына тосқауыл қойылды», – деп жазды Асхат Ниязов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Журналистің әлеуметтік желілеріне шабуыл 2023 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Кейін журналист Telegram-ға кіру мүмкіндігінен айырылды. Содан кейін ол өзінің Youtube парақшасында мыңдаған сын-пікір мен балағат сөздер жазылғанын айтты.