Түрмедегі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов  бостандыққа шығуға апелляция берді

Qaz365.kz редакциясы

Сот растады

Qaz365.kz коллажы

Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген айыппен сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа апелляция берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Апелляция бойынша процесс жүріп жатыр», – деп растады Алматы қалалық соты.

Айта кетейік, 2022 жылы 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Ал 2023 жылдың 23 маусымында сот шешімі шықты. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.