Жамбыл облысында аурухана басшылары 758 млн теңге жымқырған

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу жалғасып жатыр

Фото: Яндекс Карта

Жамбыл облысында аурухана басшылары 758 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Залал сомасы 758 млн теңгеден асады», – деді ол.

Сот санкциясымен күдіктілер – аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.