Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылдық әскери қызметке шақырылады

Qaz365.kz редакциясы

Қаулы қабылданды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», – делінген Қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.