«Қорада қамап ұстаған»: Сот 9 жасар баласына қорлық көрсеткен әйелді ата-ана құқығынан айырды

Qaz365.kz редакциясы

Адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген

Видеодан скриншоттар

Талдықорғанда адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан екі баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Информбюро-ға сілтеме жасап.

Анасынан зорлық-зомбылық көрген Артем Лебедев кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған.

Полиция отбасының тұрмысын тексеріп, екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанына көз жеткізгеннен кейін сот 9 жастағы Артемнің анасы Светлана Лебедеваны ата-ана құқығынан айырды. Ол енді баласына алимент төлейді. 

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Азамат Мұхтарұлы ақша баланың атына ашылған депозит шотқа аударылатынын айтты.

«Сот баланың құқықтары туралы конвенсияға сәйкес, ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына, ең жақсы мүдделеріне жауап беруіне, бала олардың негізгі қамқорлығы болып табылатындығын басшылыққа ала отырып, кәмелеттік жасқа толмағанның мүддесі үшін жауапкершілікті ата-ана құқықтарынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімімен олардан баланы күтіп-бағуға алимент өндіріледі. Алимент баланың атына ашылған депозит шотқа аударылады», – деді ол.