Астанада 8-сыныптың оқушысы зорланды: күдіктілер – кәмелетке толмағандар

Qaz365.kz редакциясы

Төрт жасөспірім ұсталды

Фото: gov.kz

Елордада 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Күдіктілер тез арада анықталып, қамауға алынды. Олар – кәмелетке толмағандар. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деді Ержан Саденов.

Еске салайық, бұған дейін Астанада бірнеше оқушы 8-сыныпта оқитын қызды зорлады деген ақпарат жарияланды. Елорда полициясы ақпаратты растап, Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, ол қазір зардап шеккен қыздың анасымен байланыста, психологтар жұмыс істеп жатыр.