Нұрлан имам Америкада екі жастың некесін қиды

Qaz365.kz редакциясы

Нұрлан имам қазір АҚШ-та Джо Байденнің шақыртуымен жүр

Видеодан кадрлар

Нұрлан имам Филадельфияда екі жастың некесін қиды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл жайлы Нұрлан имам инстаграм парақшасында пост жазды.

«Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан соң Нұрлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды. Бұл кездесу барысында  жақсы адамдардың қасиеттері, түзу жол және Алла туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздың ақ некесін қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті. Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!!! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрдайым күтеді», – деп жазды ол.