Алқабилер сотын сендіргісі келген: Астанада адвокат 11 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол өз қорғауындағы адамдардан пара алған

Фото: ult.kz

Астанада адвокат өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған. Сотталушы алаяқтық жолмен алған қаражатын өз қызметінің ақысы ретінде көрсетіп, алқабилер сотын сендіргісі келген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бірақ алқабилер оның бірнеше рет алаяқтық жасағанын және қорғауындағы азаматтарды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырып, 11 жылға соттады.

Ал алынған пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілетін болды.

Үкім заңды күшіне енді.