Ауызашар уақыты: 2024 жылғы ораза кестесі

Qaz365.kz редакциясы

Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады

Фото: ашық дереккөзден

Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 11 наурызға тура келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, биыл Рамазан айы 30 күн болады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір – соңғы күні. 10 сәуірде ораза айты мерекесі басталады. Сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түні – Қадір түні. 

Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

Өзге қалалардағы кестені ҚМДБ сайтынан табуға болады.