«Трактормен өзен үстінен өте бере суда қалған»: Абай облысында екі тұрғынның із-түссіз жоғалғаны хабарланды

Qaz365.kz редакциясы

Азаматтарды ауыл адамдары дрон көмегімен әуеден бақылап та іздестіруде

Видеодан скриншот

Аягөз ауданында екі тұрғын із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тұрғындардың айтуынша, оларды 26 наурыздан бері іздестіріп жатыр. Оның бірі – 1986 жылғы Шалқар Тұрсынғалиұлы, Қарағаш ауылының тумасы.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік желіде таратқан сөзіне қарағанда, Шалқар қасындағы шопанымен бірге трактормен өзен үстінен өте бере суда қалған. Кейін техникасын тастап шығып кеткенімен, екеуінің қайда кеткені әлі күнне жұмбақ болып отыр.

Оқиғаға қатысты Абай облыстық ТЖД нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Азаматтарды ауыл адамдары дрон көмегімен әуеден бақылап та іздестіріп жатыр.