Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Фото: ашық дереккөзден

Палатаның жалпы отырысында сенат депутаттары Әбдірашит Жүкенов пен Зәуре Текебасованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының ұсынысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп қарауға енгізді.

«Сіздердің қарауларыңызға Әбдірашит Төлегенұлы Жүкенов пен Зәуре Балғазықызы Текебасованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы лауазымдарынан босату туралы ұсынысы енгізіліп отыр. Екі судья да зейнеткерлік жасқа толған, судьялық қызметте тәжірбиесі мол», - деді ол.

Сенаторлар оны қолдады.