Алматыда жылу қашан өшірілетіні айтылды

Qaz365.kz редакциясы

Алдымен әкімшілік ғимараттарда, білім беру мекемелерінде өшіріледі

Фото: depositphotos.com

Алматы әкімдігі қалада жылуды өшіру мерзімін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс кеңесін өткізіп, онда жылу беру маусымын аяқтау, сондай-ақ алдағы 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықтың басталуы мәселесі талқыланды.

Жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гидрометеорологиялық қызметпен тіркелген орташа тәуліктік ауа температурасының +8 градустан және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жылу 15 сәуірде – алдымен әкімшілік ғимараттарда, білім беру мекемелерінде, мәдениет нысандарында, одан кейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда сөндіріледі.