Атырауда Жайық жағалауын тәулік бойы нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Жауаптыларға бірқатар тиісті тапсырмалар берілді

Фото: youtube.com

Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин Жайық өзені бойындағы 107 секторда және оның арналарында жағалауды нығайту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, бүгінде Атырау мен оның маңындағы учаскелерде тартылған арнайы техниканың саны 800 бірлікке жетті.

Қала басшысы барлық ауылдық округтердегі жағалауды нығайту жұмыстарын тексеріп, жауаптыларға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Атырау мен оның маңындағы жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оларға мекемелердің 2225 қызметкері және 3354 ерікті қатысуда.