2023 жылы Алматыда ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 15,8%-ға ұлғайды

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қаласында іскерлік белсенділік артты

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылы ШОБ субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнімін шығарды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,8% өсімге ұлғайған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала тұрғындарының 90%-ға жуығын жұмыспен қамтып отырған ШОБ. Бұл 949,3 мың адам.

Өткен жылы белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлікке жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артты. Жыл басынан бері олардың саны 3,4%-ға, яғни 348,9 мың бірлікке дейін өсті.

2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласында іскерлік белсенділік 53,3%-ға артты.