Айбол Омар жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл Азия чемпионаты шеңберіндегі екінші медаль

olimpic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Айбол Омар Кувейтте өткен жасөспірімдер Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айбол1500 метрге жүгіруден үшінші орын алды. Спортшы 4: 07.99. уақыт нәтижесін көрсетті.

Бұл медаль Азия чемпионаты шеңберіндегі екінші медаль болды. Бұған дейін Сабрина Арзиева спорттық жүрісте бірінші орынды иеленді.