Асхат Тағыбергеннің марқұм әкесіне арнаған голын UEFA үздіктер қатарына қосты

Qaz365.kz редакциясы

Ол допты Дания қақпасының тоғыздығына алыстан дөп түсірген болатын

kff.kz

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 2-турындағы үздік голға үміткерлерді таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Турдың ең әдемі голының авторы атағына үміткерлердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голы.

Бұл номинацияда Асхаттың бәсекелестері – Букайо Сака (Англия), Андрей Бурка (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь).

Футбол жанкүйерлері УЕФА сайтында сәйкес гол эпизодының видеосының астындағы «ДАУЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы үздік голға дауыс бере алады.

Ол Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында cоққан голын марқұм әкесіне арнайтынын айтқан болатын.