Америкалық суретші Головкиннің туған күніне орай оның портретін салып, қазақ тілінде құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Портрет суретшінің Twitter парақшасында жарияланған.

Ашық дереккөздерден

Америкалық суретші Крис Смолл Геннадий Головкиннің туған күніне орай оның портретін салып, қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Портрет суретшінің Twitter парақшасында жарияланған.

"Бүгін дүниеге келген Геннадий Головкиннің портретін қарындашпен салған эскизім. Туған күніңмен. Боксшы мен эскиз туралы не ойлайсыз?" - деп жазды суретші.