Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингісі ең жоғары шахматшыны ұтты

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ қарсыласы - әлемнің 4 дүркін чемпионы

inbusiness.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Әзірге ойындағы есепте әлемнің жұлдызды командасы алда келеді, бірақ біздің Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингі ең жоғары әйел шахматшыны жеңді! Бұл - нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, бұл шынымен де тамаша жеңіс!» –  делінген alga.peterburg Instagram парақшасындағы хабарламада.