Үмітті ақтай алмадым: Талғат Сырымбетов халықтан кешірім сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Талғат Сырымбетов Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекпе-жектен кейін сұхбат беріп, көрерменнен кешірім сұрады деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бүгін жеңіліс таптым. Төрешілердің шешімі туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі жекпе-жек өтіп қойды. Өзімнің ұтылғанымды еркекше мойындаймын. Қазақ елінен, теледидар алдында отырған ата-анамнан кешірім сұраймын. Үмітті ақтай алмадым. Енді бұдан күшті болып оралатыныма сенімдімін», – деді боксшы.

Әлем чемпионатына алғашқы рет қатысып жатқан боксшымыз 1/16 финалда Азия чемпионы - иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехқа есе жіберді. Осылайша, Талғат әлем чемпионатын аяқтады.