Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында жекелей сында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес

Ашық дереккөздерден

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Елена Рыбакина 7-ден алтыншы сатыға жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында жекелей сында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес.

Юлия Путинцева 51-орнында қалса, Анна Данилина жұптық сында 26-сатыға қайта оралды.

WTA-ның 8 мамырдағы рейтингісі:

6 (+1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4195,

51 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1016,

435 (-9). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 111,

496(+16). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 93,

574. (-25). Анна Данилина (Қазақстан) – 66,

1146 (-32). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдерінің қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.