Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловтан алтыншы рет жеңілді

Qaz365.kz редакциясы

Айта кетейік, 2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1  есебімен алда тұрған

Өзбекстан астанасы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ширек  финалда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз өзбек алыбы Баходир Жалоловпен кездесті. Алғашқы екі раундта сылбыр қимылдаған қазақ боксшысы тек соңғы раунда белсенділігін арттырды. Бірақ бәрі кеш еді. Төрешілер біраузыздан өзбек боксшысының жеңісін мойындады.

Айта кетейік, 2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1  есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз қатарынан бес рет ұтылды.

Сөйтіп, әлем чемпионатының жартылай финалына 13 салмақтан бес боксшы шықты. Атап айтсақ, Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі).