Жүлдегер боксшыларымыз әлем чемпионатынан қанша табыс тапты

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды

Коллаж: Qaz365.kz

Ташкентте өткен әлем чемпионатында жүлдегер болған қазақ боксшыларының қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға - 200 мың, күміс медаль алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді.

Бұл - соңғы он жылдағы үздік нәтиже.

Осылайша қазақ боксшылары барлығы 900 мың доллар табыс тапты.