Жамбыл облысында бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ жаттықтырушыларға қаржылай сыйақы берілді

jambylinfo.kz

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Jambylinfo-ға сілтеме жасап.

Жиында әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталады. Сонымен қатар, әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновтың жеке бапкері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жағары санатты жаттықтырушы Ертаев Ермек Әлімбекұлына 5 000 000 теңгенің сертификаты берілді.

Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді. Жеке бапкері, бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ақүрпеков Нұрлан Сәкенұлына 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталады.