«Qyzylorda Cup» турниріне Qaz365.kz командасы қатысады

Qaz365.kz редакциясы

Журналистер мерекесі қарсаңында футзалдан БАҚ өкілдері арасында Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздің бірнеше аймағынан танымал БАҚ өкілдері қатысады. Ұйымдастырушылар Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және т. б облыстардың командалары қатысатынын мәлімдеді. Олардың арасында жаңадан ашылған Qaz365.kz ақпараттық порталының да командасы бар. Ақпараттық айдынына жақында қосылған портал футбол командасын да жасақтап үлгерді. 

Айта кетейік, ойындар Қызылорда қаласындағы “Евразия” спорт кешенінде өтеді.