Qaz365.kz - Қызылордадағы турнирдің күміс жүлдегері

Qaz365.kz редакциясы

Негізі уақыт 0:0 есебімен аяқталды

Qaz365.kz

Журналистер мерекесі қарсаңында футзалдан БАҚ өкілдері арасында Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа алғаш рет Qaz365.kz порталының жасақтаған командасы да қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qaz365.kz топтық кезеңде алдымен Қызылорданың “Қоғам ТВ” арнасының командасын 7:1 есебімен жеңді. Одан кейін тағы бір жергілікті “Қаламгерден” 5:0 есебімен басым түсті. Ал топтағы шешуші ойында Атыраудың БАҚ өкілдерінен құралған құрамасымен тең түсті. Қорытынды есеп - 2:2.

Жартылай финалда Шымкенттің намысын қорғаған журналистермен кездесті. Негізі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында Qaz365.kz мүлт кетпей, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, финалға шықты. Ал финалда Астананың “Қазмедиа орталығының” командасымен кездесті. Бұл ойын 1:0 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. 

Qaz365.kz - Қызылорда әкімінің кубогының күміс жүлдегері атанды.