Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Бейбіт Шүменов – бірнеше жыл кәсіпқой бокста жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы

Астанадағы сауда орталығында төбелескен боксшы Бейбіт Шүменов іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның фотосы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы қылмыскерлерді іздестіру бөлімінде https://qamqor.gov.kz/criminals жарияланған.
Айта кетейік, төбелес 18 маусымда болған. Астанадағы «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бейбіт Шүменов – бірнеше жыл кәсіпқой бокста жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы.