Қазақстан-Солтүстік Ирландия. Бүгін футболға Тоқаев пен Головкин келеді

Qaz365.kz редакциясы

Ойын бүгін, 10 қыркүйекте, «Астана-Арена» стадионында өтеді. Матч сағат 19:00-де басталады

коллаж Qaz365.kz

Бүгін футболдан Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландияны қабылдайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ойынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деп күтілуде. Қазіргі кезде «Астана-Арена» стадионының маңайы қарбалас. Тексеріс күшейтілген.

Сондай-ақ атақты боксшы Геннадий Головкин Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчында ұлттық құрамаға қолдау көрсетеді.

“Жақында үйге қайтамыз. Ең алдымен, футболдан ұлттық құрамамызды қолдап, жанкүйерлер жанынан табыламыз”, - деп жазды ол.

EURO-2024 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Солтүстік Ирландия ойыны 10 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Матч сағат 19:00-де басталады.