Қазақстан Солтүстік Ирландияны тізе бүктірді

Qaz365.kz редакциясы

Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!

Sports.kz

Қазақстан құрамасы бүгін “Астана Аренада” Еуро-2024 аясында Солтүстік Ирландия командасымен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Тартысты ойында ұлттық құрама 1:0 есебімен қарсылас команданы тізе бүктірді. Матчтағы жалғыз голды 27-ші минутта Максим Самородов салды. 
 
Ойынды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады. Сондай-ақ атақты боксшы Геннадий Головкин де Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчында ұлттық құрамаға қолдау көрсетті.

Гол соғылған сәттегі Тоқаев пен Головкиннің реакциясы: 

ВИДЕО: t.me/qaz365kz