Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Шешуші кезеңде отандасымыз әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесті

Ашық дереккөзден

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатынан 20 жастағы қазақ баласы топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нақтырақ айтсақ, еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан қарсылас шыдатқан жоқ.
Ол алдымен мажар балуанын 13:3 есебіме. ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты. 
Шешуші кезеңде отандасымыз әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесті. Басында қарсыласы ұтып жатқанымен, соңғы минуттарда Ризабек жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанды. Оған дейін бес күміс медаль болған.
Ал грек-рим күресінен соңғы рет 1999 жылы бұйырған. Одан бері де 24 жыл өтті.
Айта кетелік, бүгін 86 келідегі Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының қола медаліне ие болған.