«Бұл – тарихи жеңіс»: Тоқаев Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

 Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды

Olympic.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады

 Еске сала кетейік, Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан  әлем чемпионатында  20 жастағы  Ризабек Айтмұқан топ жарған еді.