Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанудың құпиясын бөлісті

Qaz365.kz редакциясы

Ризабек бұл жеңіске 9 жыл еңбек еттім дейді

Qaz365.kz коллажы

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан  әлем чемпионатында  20 жастағы  Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы деген атаққа ие болған Ризабек бұл жеңіске 9 жыл еңбек еттім дейді. 
 

"Құттықтап жатқандарға үлкен рақмет. Әлем чемпионы болу үшін 9 жыл еңбек еттім. Бәрі Алланың қалауымен. Әрекет бізден, нәтиже Алладан, 9 жыл еңбектен кейін Алла тағала маған әлем чемпионы болуды нәсіп етті”, – дейді Ризабек. 


Ризабек Астанада 2019 жылы күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында ерікті болып қызмет еткенін де атап өтті.

"2019 жылы біздің астанамызда әлем чемпионаты өткен, сол кезде волонтер болғанмын. Ол кезде 15 жаста едім. Арада 4 жыл өтіп әлем чемпионатына қатысып, Алланың қалауымен әлем чемпионы атандым”, – дейді чемпион.

Ризабек алдағы уақытта  92 келіден 97 келіге  ауысып, олимпиадаға қатысуды жоспарымен бөлісті. 
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы атанған Ризабекті жеңіске жетуімен құттықтады