Ризабек Айтмұханға тарихи алтын үшін көлік сыйлады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл еркін күрестен Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын

Qaz365.kz коллажы

Белградта өткен әлем чемпионатында еркін күрестен чемпион болған Ризабек Айтмұханға көлік сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

92 келіге дейінгі салмақта белдескен Айтмұхан финалда әзірбайжандық Осман Нурмагомедовты жеңді. Қазақстан үшін бұл еркін күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы алтын.

Ризабек алдағы уақытта  92 келіден 97 келіге  ауысып, олимпиадаға қатысу жоспарымен бөлісті. 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы атанған Ризабекті жеңіске жетуімен құттықтады

Алматыда 19 жасар чемпионды салтанатпен қарсы алды.