Абиба Әбужақынова алтынға таласады

Qaz365.kz редакциясы

Енді финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапон қызы Натцуми Цунодамен кездеседі

Фото: Сали Сабиров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова (48 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жартылай финалда оңтүстік кореялық балуанды ұтып, финалға шықты. 
Енді шешуші кезеңде үш дүркін әлем чемпионы, жапон қызы Натцуми Цунодамен кездеседі. Былтыр Ташкентте Абиба дәл осы балуанға есе жіберген.

Ал ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60келі) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимден ұтылды. Енді қола жүлдеге таласады.