Дзюдодан үшінші жүлде бұйырды

Qaz365.kz редакциясы

Эсмигул Куюлова қола жүлдегер атанды

Сали Сабыров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 63 келіде белдескен Эсмигул Куюлова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Севинч Исокованы қосымша уақытта жеңіп, Азия ойындарының қоласын еншіледі.

Бұған дейін Эсмигул бірінші белдесуінде моңғолиялық балуанды жарыстан шығарған. Одан кейін кореялық спортшыға есе жіберді. Атыраулық спортшы Азиаданың жұбаныш белдесуінде Киоми Ватанабені (Филиппин) 13 секундта иппонмен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдодан әзірге бір күміс, екі қолаға ие болды. Атап айтсақ, Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола медаль еншілеген еді.