×

Мағжан Шамшадин: Жеңісімді ең алдымен отбасыма арнаймын

Мағжан жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимден ұтылған еді

Мағжан Шамшадин: Жеңісімді ең алдымен отбасыма арнаймын
Фото: Qaz365.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен отандасымыз Мағжан Шамшадин қола жүлде қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Азия ойындарында дзюдо күресінен қола медаль иеленген отандасымыз Мағжан Шамшадин белдесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

«Шыны керек, Аллаға шүкір деп айтамыз. Негізі өзіміз алтын медаль деп жоспарлап келген болатынбыз. Алтынға сәл қалды десем де болады. Екеуі де, шынымды айтсам, бұрын кездесіп көрген балуандарым. Аллаға шүкір, өте қуаныштымын. Ең бірінші Азия ойындарында осындай жетістікке жетіп жатқаныма мың да бір шүкір. Қасымда жүрген достарым мен бауырларыма алғысымды білдіремін. Өйткені бәрі көмектесті. Барлық қазақстандықтарға алғысымды айтам», - деді спортшы белдесуден кейін.

Тілшілер дзюдошыдан: «Сен бүгін ашыла алмай қалған сияқтысың, неліктен?» деп сұрады. Мағжан Шамшадин оңтайлы әдіс әрдайым шыға бермейтінін айтады. Дзюдошының сөзінше, бәрі бапқа байланысты. 

«Бабымда келдім деп айта алам. Бірақ кішігірім болсын, көңіл-күйім 70-80 пайыз болып тұрды», - дейді ол.

Астанада өткен іріктеу барысында мағжан Шамшадиннің жарысқа баратыны шешілген. 

«Құдай қаласа, осы жылы әлі де Абу Даби мен Токиода өтетін екі жарысымыз бар. Алла қаласа, екеуін де алуға тырысамыз. Әрине, қазір мықтылардың бәрі Жапониядан шығып жатыр. Оңтүстік Корея спортшысы кішігірім қылқындыру әдісін жүргізіп жатқан кезде қолымды ауыртып жіберді. Сол кезде судьялар оған ескерту бере ме деп ойлағанмын. Одан кейін былай қарай шығып, қолыма мұз басқаннан кейін бәрі жақсы болды. Бірінші кездесуде ауған спортшысымен күрескен кезде қолы мұрныма тиіп кетті. Ол кезде өзім шабуылға шығып жатқанмын. Есеңгіреп қалдым», - дейді ол.

Мағжан Шамшадин жанкүйерлеріне алғысын айтты.

«Бәріне рахмет айтам. Отбасыма, ағайындарыма рахметімді. Жеңісімді қазақстандықтарға арнаймын. Ең бірінші өзімнің отбасыма! Содан кейін Қазақстаныма», - дейді дзюдошы.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен отандасымыз Мағжан Шамшадин қола жүлде қол жеткізген еді. Ерлер арасында 60 келіге дейін салмақта күрескен Шамшадин қола жүлде үшін тартыста тәжік балуаны Мехрод Суфиевпен жолықты. Біраз уақыт андысқан спортшылар қателік жібермеуге тырысты. Дегенмен, отандасымыз соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, Мағжан жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимден ұтылған еді.

Мағжан Шамшадин - биыл Астанада өткен Grand Slam жарысының жеңімпазы. Сонымен қатар Загребтегі Grand Slam-ның чемпионы.

Ал 66 келіде күрескен Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарын жетінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін 48 келіде күрескен Абиба Әбужақынова күміс жүлде еншілеген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →