Боксшылардан алғашқы болып Қоңқабаев жартылай финалға өтті

Qaz365.kz редакциясы

Қамшыбектің еншісінде кем деген қола медаль бар

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Бахрейн намысын қорғап жүрген экс-ресейлік Данис Латыповпен кездескен. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебін тіркеді. Сөйтіп, ол жартылай финалға өтті. Қамшыбектің еншісінде кем деген қола медаль бар.

Бүгін сонымен қатар ұлттық құрама капитаны Асыланбек Шымбергенов пен Махмұд Сабырхан рингке шығады.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.