Асыланбек Шымбергенов өзбек боксшысын нокаутпен жеңді

Qaz365.kz редакциясы

Отандасымыз Азия ойындарының ширек финалында 67 келіде әлем чемпионы атанған Асахуджа Муйнхуджаевпен кездесті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз Азия ойындарының ширек финалында 67 келіде әлем чемпионы атанған Асахуджа Муйнхуджаевпен кездесті. Бұл 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсеке болатын.

Алғашқы екі раундта төрешілер ұпай санымен ұтып жатқан. Үшінші раундта ұлттық құрама капитаны тәуекелге барып, ашық шабуылға шықты. Сөйтіп, үшінші раунд барысында үш рет нокдаунға жіберіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алғашқы екі раундта Асланбек жеңіп тұрса да, төрешілер қарсыласқа беріп жіберді. Үшінші раунд басталарда оған: "Нокаутпен жеңіп шық", - дедім. Айтқаным айдай келді. Асланбек үш рет нокдаун беріп, қарсыласын нокаутқа жіберді. Барша жанкүйерлерге рахмет! Елде отырып, бізге жанкүйер болған халыққа рахмет, – деді Мырзағали Айтжанов.