Қазақстан қоржынына Азия ойындарының төртінші алтын медалі түсті

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан  4 алтын, 7 күміс, 24 қола медальмен 13-орыннан 10-орынға көтерілді

Сали Сабыров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров каноэмен 500 метрге жарыста алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл Қазақстанның Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарындағы төртінші алтыны.

Қазір Қазақстан  4 алтын, 7 күміс, 24 қола медальмен 13-орыннан 10-орынға көтерілді.

Бұған дейін Кирилл Тубаев пен Тимофей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жекелей сыны финалында Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.  Мария Бровкова мен Руфина Искакова 500 метрге каноэмен жарысуда, Ольга Шмельева мен Ирина Подойникова 500 метрге байдаркамен жарысуда күміс медаль иеленген еді.