×

Жазғы Азия ойындары: Ескек есушілер ел қоржынын медальмен толықтырды

Қазақстан Хуанжоудағы Азия ойындарында 13-орында тұр

Жазғы Азия ойындары: Ескек есушілер ел қоржынын медальмен толықтырды
Сали Сабыров

Қытайдағы Азия ойындарында қазақстандықтар Мария Бровкова мен Руфина Искакова 500 метрге каноэмен жарысуда, Ольга Шмельева мен Ирина Подойникова 500 метрге байдаркамен жарысуда күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова байдарка мен каноэде ескек есуден әйелдердің жұптық сыны финалында 500 метр қашықтықты 1 минут 51.251 секундта бағындырған. Ал Руфина Искакова мен Мария Бровкова әйелдердің жұптық сыны финалында бақ сынаған 500 метр қашықтықты 2 минут 8.125 секундта бағындырып, мәреге екінші болып келді. Екі финалда да Қазақстан спортшылары Қытайға жол берді. 

Кирилл Тубаев пен Тимофей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жекелей сыны финалында Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.  

Қазақстан Хуанжоудағы Азия ойындарында 3 алтын, 7 күміс, 24 қола медальмен 13-орында тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →