Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жұптық сайысы мәреге екінші болып келді
Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Сергей және Тимофей Емельяновтар күміс медаль алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жұптық сайысы финалында бақ сынаған ағайынды Емельяновтар 1000 метр қашықтықты 3 минут 49.991 секундта бағындырып, мәреге екінші болып келді.
Бұл - спортшыларымыздың Ханчжоудағы құрлықтық додада алған екінші жүлдесі. Кеше Сергей Емельянов Тимур Хайдаровпен бірге Азиада чемпионы атанса, Тимофей Емельянов жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген еді.