Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов қола жүлдемен шектелді
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Асыланбек Шымбергеновтің жеңілісімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Асланбек жақсы бокстасты, бірақ жеңісті бермеді. Азия ойындарында протест бере алмаймыз, оған рұқсат жоқ», - деді Айтжанов.
Айта кетейік, Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов қола жүлдемен иеленді. Бұған дейін Асыланбек мамыр айында Ташкентте 67 келіде әлем чемпионы атанған өзбек боксшысы Асахуджа Муйнхуджаевты нокаутпен жеңген еді.