×

Нокаутпен жеңсе ғана бере ме? Асыланбек Шымбергенов қола жүлдемен шектелді

Боксшы Олимпиада лицензиясынан қағылды

Нокаутпен жеңсе ғана бере ме? Асыланбек Шымбергенов қола жүлдемен шектелді
Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов қола жүлдемен шектелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақта  жартылай финалда әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы екі раунд алда тұрған. Бірақ үшінші раундта төрешілер жеңісті жапонға берді. Сөйтіп, жеңіс Окадзаваға бұйырды.

Осылай Шымбергенов қола жүлдемен шектелді. Олимпиада лицензиясынан қағылды.

Бұған дейін Асыланбек мамыр айында Ташкентте 67 келіде әлем чемпионы атанған өзбек боксшысы Асахуджа Муйнхуджаевты нокуаутпен жеңген еді.


Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →