×

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы маусымда QFL премьер-лигасында өнер көрсететін «Елімай» футбол командасы акцияға өз үлесін қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Футболшылар Орталық саябаққа 30-дан астам шырша көшеттерін отырғызды. Акцияға Семей қаласының әкімі, футбол әуесқойлары мен шаһар тұрғындары қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Акцияға футболшылармен бірге қатысқан қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейде жасыл желек егу жалғасатынын атап өтті.

«Елімай» футбол командасының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев спортшылардың эко-акцияға белсенді қатысқанын атап өтті.

«Біз, «Елімай» командасының мүшелері, Президенттің «Таза Қазақстан» акциясын өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Қазір біз бос уақытымызда жиі баратын саябаққа екі метрлік шырша көшеттерін отырғызып жатырмыз. Біз Семейдің командасы болғандықтан, қаланың дамуына белсенді үлес қосамыз», – деді капитан.

Бұған дейін «Елімай» футбол клубының тәрбиеленушілері «Семей Орманы» РММ қызметкерлерімен бірлесіп 2 мыңнан астам қарағай көшетін отырғызған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы
21.10.2024ж. 13:14

Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы

Ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген
Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады
Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →