×

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

UFC-де жеңіліс таппаған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты спортшы жаттығатын DAR PRO TEAM командасының баспасөз қызметі ресми аккаунтына репост жасап растады. Отандасымыз бұл жолы қызды болды.

Шавкат Рахмонов - енді үш қыздың және бір ұл баланың әкесі. Спортшының үлкені алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ал Керей атты ұлы екі жаста.

«Отбасылы адаммын. Балаларыма дұрыс тәрбие беріп, олар өз елінің лайықты азаматы болып өссе екен деп армандаймын»,- деген еді спортшы бұған дейінгі сұхбатында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресейлік футбол аңызы "Қайрат" клубына бас бапкер болып тағайындалды
Бүгін, 16:32

Ресейлік футбол аңызы "Қайрат" клубына бас бапкер болып тағайындалды

"Қайрат" футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды
V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қарсаңыңда
Сондай-ақ осы күнге дейін жетістікке жеткен шеберлер, Әлем чемпиондарының арасында да сайыс өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →