Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев Асыланбекке көлік сыйлайтынын айтты
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалған Асыланбек Шымбергеновке жанкүйерлері қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы екі раунд алда тұрған. Бірақ үшінші раундта төрешілер жеңісті жапонға берді. Сөйтіп, жеңіс Окадзаваға бұйырды.
Осылай Шымбергенов қола жүлдемен шектеліп, олимпиада лицензиясынан қағылды.
Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев Асыланбекке көлік сыйлайтынын айтты.
"Барша қазақстандық жанкүйерлермен бірге мен Асланбек Шымбергеновке қолдау көрсетемін. Елге оралған соң Асланбекке өз атымнан автокөлік сыйлаймын.
Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры!", - деп жазды Кеңес Рақышев өзінің Facebook парақшасында.